ҚазҰМУ ғалымдары жабайы шөптен виаграның аналогын жасады
Сурет: akorda.kz
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ фармацевтикалық технологиялар кафедрасының қызметкерлері жабайы өсетін сортаң цистанхе өсімдігінен (Cistanhe salsa O.) дәрілік препараттың жобасын таныстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандар бұл өсімдікті көп зерттегеннен кейін пайдалы қасиеттерін және қолданудың кең спектрін анықтаған.
"Қазақстанда сортаң цистанхе өсімдігі арамшөп болып саналады және іс жүзінде пайдаланылмайды. Медицина әдебиеттерінде ол ұзақ уақыт бойы сипатталғанымен, Қытай, Жапония және АҚШ фармациясында ол дәрі-дәрмек және диеталық қоспалар ретінде кеңінен қолданылады. Өсімдік антиоксиданттық белсенділігі бар кең спектрлі фитопрепараттарды алу көзі ретінде, сонымен қатар эректильді дисфункцияның алдын алу құралы ретінде падаланылады. Соңғы қасиеті тышқандарға түйіршіктер түрінде алынған құрғақ сығындыны қолданғаннан кейін табылды", – дейді ғылыми жұмыстың авторы ҚазҰМУ фармацевтикалық технологиялар кафедрасының профессоры Эльмира Капсалямова.
Ғалымдар тышқандарға клиникалық емес сынақтар жүргізгенде, яғни қабынуға қарсы және жараларды емдейтін әсерді анықтау кезінде цистанхе түйіршіктерін қабылдаған тышқандарда туу көрсеткіші жоғарылағанын байқаған.
"Бұл біз үшін жаңалық болды. Біз тышқандардағы эректильді функцияның жоғарылауына назар аудардық. Әдеби деректер де цистанхе потенциалды арттыратынын растайды. Қытайда диеталық қоспалар қазірдің өзінде осы бағытта өндірілуде. Бұл құбылыс бөлек зерттеуді қажет етеді және тек потенциалды арттыру тұрғысынан ғана емес, ерлер бедеулігінде осымен емдеуге болады", - деп атап өтті Эльмира Капсалямова.
Сортаң цистанхенің де бірқатар пайдалы қасиеттері бар. Оны Қазақстанның шөлді және шөлейт жерлерінде жиі кездестіруге болады. Бірақ өндірістік ауқымда одан дәрілік зат тек шетелде өндіріледі. Ал шикізат ретінде Қазақстаннан жоғары бағамен сатып алады.
"Бізде бұл өсімдік тіркелмегендіктен және шын мәнінде, сексеуілдің арамшөп-паразиті болып табылатындықтан, ол көрші Қытайға экспортталады. Егер құндылығына қарасаңыз, Қытайда ол женшень тамырына тең және "Қызыл кітапқа" енген. Ал бізде олай емес. Зерттеу, ғылыми жұмыс, кандидаттық диссертацияны қорғау жүргізілді, онда бұл өсімдік толығымен зерттелді және полифенол, стероидты қосылыстар және т.б. биологиялық белсенді заттардың болатыны дәлелденді. Бұл - қабынуға қарсы және жараларды емдейтін әсері де дәлелденген күшті иммуномодулятор. Физиологиялық белсенді шикізатқа, құрғақ, қою және көмірқышқыл сығындыларына, түйіршіктелген фитошайға және тұнбаға патенттер алынған", - дейді ҚазҰМУ фармацевтикалық технологиялар кафедрасының профессоры Э.Н.Капсалямова.
Қазір бұл өнімдерді әзірлеу тоқтатылды. Ғалымдар аталған өсімдіктен алынған құрғақ сығынды мен тұнбаларды зерттеуді жалғастырамыз деп үміттенеді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript