ДДҰ: Дүниежүзінде кейінгі бір айда коронавирус жұқтырғандар саны күрт айзайды
![коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 00:18](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-9e4eb7d3-6b3d-47e4-97b7-e11be2459cdd/800x533.webp)
ДДҰ дүниежүзінде кейінгі бір айда коронавирус жұқтырғандар саны күрт айзайғанын хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейінгі 28 күнде COVID-19 жұқтырғандар саны оған дейінгі 28 күнмен салыстырғанда 89% азайған.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) хабарлады.
Сонымен бірге, ұйымның мәліметінше, осы аралықтағы өлім дерегі де 62% азайған.
"Дүниежүзінде кейінгі 28 күнде (23 қаңтардан 19 ақпанға дейін) шамамен 5,3 миллион жаңа дерек және 48 мыңнан астам өлім тіркелді, бұл алдыңғы 28 күнмен салыстырғанда 89% және 62% аз", - делінген ДДҰ-ның кейінгі эпидемиологиялық қорытындысында.
22 ақпандағы жағдай бойынша дүниежүзінде 757 миллионнан COVID-19 жұқтырып, оның 6,8 миллионы қайтыс болған.
Қазастанның денсаулық сақтау министрлігінің 2023 жылғы 22 ақпандағы мәліметінше елде 1 407 441 адамнан коронавирус анықталған, 13 846 қайтыс болған. Ал 90 828 адам коронавирус белгілері бар пневмония жұқтырып, 5 410-ы қайтыс болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript