Қазақстанға коронавирусқа қарсы "Комирнати" вакцинасының 500 мың дозасы келді

коронавирус, вакцина, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2023 13:02 Сурет: Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанға коронавирусқа қарсы "Комирнати" вакцинасының 500 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі Словакия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен "Комирнати/Омикрон" (Пфайзер) вакцинасының 500 мыңнан астам дозасын өтеусіз негізде жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, вакцина бүгін түнде Қазақстанға келді.

Өндірушінің нұсқауларына сәйкес, "Комирнати/Омикрон" вакцинасы бұрын коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың бастапқы толық курсын алған 12 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін ғана ұсынылады.

"Комирнати/Омикрон" вакцинасы - бұл коронавирус штамының жаңа нұсқаларын ескере отырып жаңартылған және құрамында Omicron BA 4 және BA.5 субварианттары бар вакцина. Елге келгеннен кейін "Комирнати/Омикрон" вакцинасы өңірлер бойынша таратылады және коронавирус инфекциясына қарсы ревакцинациялау үшін қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында вакцинацияның толық курсын алу, сонымен бірге халықты ревакцинациялау үшін "КазВак" (ҚР), "Синофарм" (Қытай), "Комирнати" (Пфайзер, АҚШ) вакциналары бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: