Таразда қалалық сот судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталды
InfoKava.com
Күдікті кінәсін толық мойындады.
Таразда қалалық сот судьясы пара алды деп күтіктелуде, деп хабарлайды Zakon.kz мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкіліне сілтеме жасап.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысындағы департаменті ҚР Жоғарғы сот ішкі қауіпсіздік және соттарда жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп Тараз қалалық сотының судьясын жеке тұлғадан мүлікті бөлу туралы азаматтық іске қатысты орындау қағазын беру үшін 650 мың теңге пара алып жатқан жерінен ұстады", - деп мәлімдеді Нұрлан Жахин.
Күдікті кінәсін толық мойындауына байланысты қамауға алынған жоқ.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript