Жаңалықтар тізбегі
0

Әсет Исекешев: «Жаннұр» СҮ маңындағы оқиғаның себепкерлері жазасын алады

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2018 23:57 Baq.kz
Елорда полицейлері ҚР ҚК 306 бабының 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Елорда әкімі Әсет Исекешев «Жаннұр» СҮ алаңында орнатылған батутта ойнап, зардап шеккен балалардың хал-жағдайын білу мақсатымен қалалық №2 балалар ауруханасына барды, деп хабарлайды Baq.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалардың ата-аналарымен әңгімелесу барысында Әсет Исекешев қала билігі, ІІД мен ТЖД-нің оқиғаны өз бақылауына алғандығын алға тартты.

Ол, сондай-ақ, кінәлілердің жазаға тартылатындығын айтты.

Естеріңізге салайық, оқыс оқиға кеше, 4 мамырда сауда үйі маңында орын алды. Үстінде балалар ойнап жатқан батут желмен ұшып кеткен болатын. 5 бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Астана қаласы әкімдігінің сұрауы бойынша балаларды үздік мамандар («Нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ төрағасы Серік Ақшолақов пен Травмотология және ортопедия ҒЗИ -ның директоры Нұрлан Батпенов), сондай-ақ, Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері күтуде.

Елорда полицейлері ҚР ҚК 306 бабының 2 тармағына (қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастап кетті.

Айта кетейік, 2018 жылдың 3 мамырында төтенше жағдайлар департаменті желдің күшейетіндігі туралы хабарландыруды таратқан болатын.

Батут орнатылған алаң жоғарыда аталған сауда үйіне тиесілі.

Елорда әкімдігі қаланың сауда және ойын-сауық орталықтарының алаңына аттракциондарды орнатуға рұқсаттамаларды бермейді.

Кәсіпкерлік субъектілері шаруашылықты жүргізетін екі субъектінің арасындағы жалға алу жөніндегі келісім-шарттың негізінде ғана батуттарды СОСО және сауда орталықтарының алаңдарында орналастырады.

Бұл тұста заңды тұлға, яғни сауда орталығы иесінің жарғысымен нысан жанындағы алаңды жалға беру тетігі де қарастырылуы қажет.

Еске салсақ, қазіргі таңда бизнес қызметіне араласу шектеліп отыр. Дегенмен, кәсіпкерлік субъектілері (СОСО, қоғамдық тамақтану орындары және т.б) келушілердің ыңғайлылығы үшін оларды қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге барынша назар аударуы тиіс.

Қала әкімдігі ата-аналарды қырағылық танытып, құтқарушылардың таратқан хабарламасын назарға алуға, қатты жел кезінде балалардың далаға шығуына жол бермеуге шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: