Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда автобус әйелдің аяғын басып кетті

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2018 23:52 ҚазАқпарат
Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып кетті.

Қарағандыда автобус 50 жастағы әйелдің аяғын басып кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып кетті.

Полицияның хабарлауынша, оқыс оқиға дүйсенбі күні таңғы 8:23-те Қарағандының Майқұдық ауданына кіреберістегі аялдамада болған. №118 жолаушы автобусы қала тұрғынының аяғын басып кеткен.

«Автобустың дөңгелегі әйелдің аяғын басып кеткен. Қазір полиция жүргізушіні кінәсін анықтау үшін жұмыс жүргізіп жатыр», - дейді №3 автопарк директоры Артур Григорян.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жәбірленуші қазір жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

«Әйелдің жасы 50-ден асқан. Ол аяқтың ашық сыну жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Шұғыл түрде ота жасалды. Қазір оның жағдайы тұрақты. Дәрігерлер бүгін палатаға шығару жайын жоспарлап жатыр», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Айжан Иса.

«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар белгіленді. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Жүргізушіге қатысты «ешқайда кетпеу» бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: