Ақмола облысында мектептегі жөндеу жұмысы кезінде мұғалім күйіп қалды
Ақмола облысында мектеп шатырын жөндеу кезінде тарих пәні мұғалімі гудронға күйіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға 5 маусымда Бурабай ауданы Зеленый Бор ауылының мектеп-гимназиясында болған. Ғимараттың шатырына ыстық битум құйып жатыпты.
"Қатты жел кезінде шатырдың бір бөлігі қирап, жұмысшылар мен мұғалімдер жөндеу жұмысына жұмылдырылған. Тарих пәні мұғалімі абайсызда құлап, үстіне битум жағылды. Ол кезде жел соғып тұрмаған болатын", — дейді мектеп гимназиясының басшысы Кенжетай Бейсембаева.
1993 жылы туған тарих пәні мұғалімі күйік алып, Бурабай аудандық ауруханасына жатқызылған. Мектепте жұмыс істеп жүргеніне үш жыл болыпты.
Әкімшілік сендіргендей, бұл мұғалімдермен алдын ала келісілген ағымдағы жөндеу жұмысы, ол уақытта оқу мекемесінде сабақтар жүргізілмеген.
Ақмола облыстық ауруханасы хабарлағандай, науқас алғашқы көмек алған соң, травматология бөліміне жеткізіліпті.
"Мойыны, қол-аяғы күйген, күйіктің жалпы аумағы 20 пайыз", — деп мәлімет берді Ақмола облыстық ауруханасы.
Дәрігерлердің айтуынша, мұғалім жазылып келеді, өзі тамақтанып, жүріп-тұрады.