Астанада су арнасында кілем жуған әйел мен оның екі қызы суға батып кетті

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.07.2018 20:17 Baq.kz
Бұған дейін де осы арнада қайғылы жағдайлар болған.

43 жастағы астаналық тұрғын мен оның екі қызы Нұра-Есіл арнасында кілем жуып отырып, суға батып кетті, деп хабарлайды Baq.kz.

ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов бұл ақпаратты растады.

«Қайғылы жағдай 14 маусымда болған. Құтқару қызметіне сағат 15:38-де хабар келіп түскен. Сағат 16:20-да суға батқандардың денелері судан шығарылды. «Пригородный» тұрғын алабындағы Нұра-Есіл арнасында кілем жуып отырған үш адам байқаусызда суға құлап кеткен. Олар: 1975 жылы туған әйел және оның 11, 12 жастағы қыздары», - делінген хабарламада.

Бұған дейін де осы арнада қайғылы жағдайлар болған. Биыл 25 маусымда осы жерге батып кеткен 10-12 жас аралығындағы 4 баланың денесі табылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: