Жаңалықтар тізбегі
0

Шығыс айналма жолында қағып кеткен бала өздігінен тыныс ала бастады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2018 20:25 ҚазАқпарат
Баланың жағдайы жақсарып келеді.

Тал түбінен табылған 4 жасар бүлдіршіннің жағдайы жақсара бастады. Бұл туралы Алматыда өткен брифинг барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Исабеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазір бала есін жиған.

«Бүгін таңертең профильді мамандар қарап шықты. Баланың жағдайы жақсарып келеді. 1-2 күннен соң бөлімшеге ауыстыру ойда бар. Бүлдіршін есін жиды. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап беріп жатыр», - деді Нұржан Исабеков.

Ал, баланың тәтесі Руфина Асқароглы полицияның бір күдіктінің ізіне түскенін айтты.

«Камерада ер адам Брянская көшесінің бойымен қашып бара жатып, артына, Мухамед жатқан талдарға қарай береді. Ол баланы камера жоқ жерде соққан сияқты. Сосын көлігін сол жерде қалдырып, камераға ілінбей баланы талдың түбіне апарып тастаған. Сосын артына қарайлап, қашып барып, камераның назарынан шығып кетеді. Қай жерде камера барын білгеніне қарағанда, осы ауданның тұрғыны сияқты», - дейді Р.Асқароглы.

Айта кету керек, жантүршігерлік оқиға Алматыдағы шығыс айналма жолына жақын Брянская көшесінде болған. 4 жасар баланы көлік қағып, қан жоса болған күйде көрпеге орап, тал түбіне қалдырып кеткен. Ата-анасы бірнеше минут өткен соң ғана баланы жүздеген метр қашықтықтан тауып алған.

Ал дәрігерлер бүлдіршіннің жағдайын өте ауыр деп бағалаған болатын. Медицина мамандары баланың өмірін арашалап қалу үшін барын салды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: