Алматы әуежайында ұшақ апатты жағдайда қонды
ҚазАқпарат
Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген.
Алматы әуежайныда «SCAT» әуе компаниясының ұшағы қонып келе жатқанда артқы бөлігі жерге тиіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«26 шілдеде Алматы әуежайында екінші шеңбер жасау кезінде Хургада - Алматы бағытындағы 5038 рейсі ұшағының артқы бөлігі ұшу-қону жолағына тиіп кетті. Оған қарамастан ұшақ сәтті қонды», - деді әуе компаниясынан.
Төтенше жағдайдан ешкім зардап шекпеген. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр. Әуе тасымалдаушысы штаттық режимде жұмыс жасап тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript