Жаңалықтар тізбегі
0

Сайрагүл Сауытбайға сот үкімі шықты

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2018 23:43 Sputniknews.kz
Этникалық қазақ шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыпталған еді.

Қытай азаматы, шекарадан заңсыз өтті деп айыпталған этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға қатысты үкім шықты. Алматы облысының Панфилов аудандық соты қандасымызды 6 айға шартты түрде бас бостандығынан айырып, сот залынан босатты. Оған Қазақстан аумағынан шығару туралы қосымша жаза қолданылмайды, Сайрагүл Сауытбай алты ай пробациялық бақылауда болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шекараны заңсыз кесіп өтті деп айыпталған Сайрагүл Сауытбайдың тағдырына бүкіл Қазақ елі алаңдаған болатын. Бүгін Панфилов аудандық сотында этникалық қазақтың ісіне нүкте қойылды.

Түске дейін өткен жарыссөзде прокурор Арзыгүл Имярова судьядан Сайрагүл Сауытбайды ҚР Қылмыстық кодексінің 393-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған аталған баппен алты ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды; қылмыстық кодекстің 60-бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты түрде, 44-бап негізінде 6 ай мерзімде пробациялық бақылауға алуды; пробациялық бақылауды Сайрагүл Сауытбайдың күйеуінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша орнатуды; оның тәртібін бақылауды Еңбекшіқазақ аудандық пробация қызмет бөліміне жүктеуді; қосымша жаза — Қазақстан аумағынан шығаруды қолданбауды; сот залынан қамаудан босатуды сұраған болатын. Қорғаушы Абзал Құспан да прокурордың ұсынысын қолдайтынын жеткізді.

Сайрагүл Сауытбайдың ісі

Сайрагүл Сауытбайдың ісі бойынша сот отырысы бүгін таңғы 10.00-де басталды. Отырыстың басында Сайрагүл Сауытбайдың адвокаты Абзал Құспан сот төрағасына Сайрагүлге көші-қон полициясы берген пана іздеуші тұлға куәлігін тапсырды.

Сот отырысына азаматтық белсенділер, шетелдік және қазақстандық журналистерді есептегенде алпысқа жуық адам келді.

Айта кетсек, мамырдың ортасында Алматы облысының тұрғыны Уәли Ісләм әйелі Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері "Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті" деген айыппен ұстап алып кеткенін хабарлаған.

Ерлі-зайыпты Уәли Ісләм мен Сайрагүл Сауытбай екі баласымен бірге Қазақстанға 2016 жылы көшіп келгісі келген. Туыстарының айтуынша, Сайрагүл Сауытбайдың Қытайда мемлекеттік қызметте істеуіне байланысты жергілікті билік паспортын алып қойған. Сондықтан ол "Қазақстан азаматтығына тапсыра алмаған".

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: