Қостанайда қалыңдықтың етегіне үңілмек болған десантшылар төбелес шығарды
Baq.kz
Полиция қызметкерлері төбелескендерді ажыратты.
Полиция қызметкерлері ішімдік ішкен күйдегі десентшыларды ұстаған жоқ. Екеуімен сөйлескен соң босатып жіберді, деп хабарлайды Baq.kz.
Қостанайда ІІД күнін атап өткен кезде екі мас десантшы күйеубала мен қалыңдықтың және оның қонақтарымен төбелесті.
Басылымның хабарлауынша, ішімдік ішкен, спорттық киім мен көгілдір түсті берет киген ер адам қалыңдықтың қасына барып, оның көйлегінің етегін ашып қарамақ болған. Мұны көрген күйеубала қалыңдығын қорғамақ болып, төбелес шығарған.
«Ең ақыры күйеубала да, күйеужолдас та, қонақтар да, ІІД-ліктерле, тіпті қалыңдықтың өзі төбелеске араласты», - делінген басылымда.
Полиция қызметкерлері төбелескендерді ажыратты. Олар ішіп алған десантшыларды ұстаған жоқ. Олармен сөйлескеннен кейін екеуін де жібере салған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript