Жаңалықтар тізбегі
0

Ақмола облысында жоғалып кеткен 16 жасар қыз Шымкенттен табылды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.08.2018 16:51 ҚазАқпарат
Қызбен қоса үйден оның кейбір заттары да жоғалған.

Ақмола полицейлері Қосшы ауылында жоғалып кеткен 16 жастағы Диана Тұрғанбаеваның жүрген жерін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір полицейлері, қыздың туыстары мен Астана қаласындағы Rina.kz еріктілері Қосшы ауылында тұратын 16 жастағы Диана Тұрғанбаеваны іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жоғалған қыз 3 тамыз күні түскі ас уақытында велосипедпен дүкенге кетіп, үйіне қайтып оралмаған.

Астананың Rina.kz еріктілері таратқан хабарламада айтылғандай, қызбен қоса үйден оның кейбір заттары да жоғалған. Туыстары оның лимон түсті жеңсіз майкасы мен қара көйлегін таппай қалған.

Ақмола облысы ІІД-нің баспасөз қызметінде мәлім еткендей, 16 жасқа жақын уақытта толатын қызды іздестіру жұмыстары екі күнге созылған. Диана Астанада маршруттық автобустың электрондық картасын пайдалану кезінде көзге түсіп қалған.

«Жедел топ қыздың жүрген жерімен барып, қандай автобусқа отырғанын анықтады. Ол «Нұрлы жол» вокзалына барған. Полицейлер базаны тексеріп, қыздың Шымкентке дейін билет алғанын анықтады. Туыстары оны дәл сол қаладан тапты», - деді ведомствоның баспасөз қызметінде.

Белгілі болғандай, Д. Тұрғанбаева үйде анасынан 30 мың теңге көлемінде ақша алған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: