Рудныйда көлік жүргізушісі қыз баланы қағып кетіп, ізін суытқан

go2.imgsmail.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2018 17:05 go2.imgsmail.ru
Жүргізуші жол апатынан кейін көлігін қалдырып кетіп, оқиға орнынан жасырынған.

Рудный қаласының полицейлері 9 жасар қыздың өліміне кінәлі жүргізушіні іздестіруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облысы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«14 тамыз күні ақ түсті «Киа Рио» маркалы автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі Рудный қаласындағы Парковая-Гагарин көшелерінің қиылысында орналасқан жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан 9 жасар оқушы қызды қағып кетті. Оқиға салдарынан зардап шеккен бала жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін көз жұмды», - деп мәлім етті департамент өкілі.

Жүргізуші жол апатынан кейін көлігін қалдырып кетіп, оқиға орнынан жасырынған.

«Полицейлер автокөлік жүргізушінің танысына тиесілі екенін анықтады. Қазіргі таңда Рудный полицейлері күдіктіні іздестіріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті», - деп түйіндеді ІІД өкілі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: