Жаңалықтар тізбегі
0

Кемеровадағы өрт: уақытылы жиналмаған қар 41 баланың өмірін жалмады

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2018 19:01 Baq.kz
Сауда орталығындағы өрт жарықдиодтты шамдардың тұйықталуынан басталған.

60 астам адамның өмірін жалмаған "Зимняя вишня" сауда орталығындағы өрт жарықдиодтты шамдардың тұйықталуынан басталған. Оған уақытылы шығарылмаған шатырдағы қардың еріген суы себеп болған. Бұл туралы ресейлік БАҚ РФ Тергеу комитеті тағайындаған «Тәуелсіз сараптама бюросы» ЖШС мамандары жүргізген сараптама нәтижесіне сілтеме жасай отырып жазуда, деп хабарлайды Baq.kz.

Тұйықталу орын алған құрал бірден өшіп қалуы керек болған алайда ол да бұзылып тұрған екен. Тоқтағы күштің шамадан тыс көп болуы және оның дұрыс бөлінбеуіне байланысты электр сымдардағы қысқа тұйықталудың орын алуын мамандар заңдылық деп отыр. Алайда олар апаттың нақты орын алған жерін атай алмады.

«Сарамтамаға жіберілген сымдар мен кабельдердің бөліктері дерлік жартылай жанып кеткен. Сондықтанда өрттің нақты себебін анықтау мүмкін болмады», - делінген жарияланған хабарламада.

Сараптама көрсеткендей, ғимараттағы әрбір электр сым есептеп көрсетілген көрсеткіштен 10-20% төмендетілген. Алайда бұл жағдай ақауы бар өнім деп жылы жабылды.

«100 амперге есептелген автоматтардың біріне 35 шаршы мм сым жалғаудың орнынан 5,3 шаршы мм сым жалғанған. Сол себепті ұдайы ысып кететін сымдардың жабындысы бұзылып кеткен. Екінші бір жағдайда автоматқа жалғанған сымның қалындығы талаптан екі есе аз болған. Сонымен қатар, жалғау барысында электр сымдар өзара шатасып кеткен. Монтаж және іске қосу жоба бойынша емес, қалай болса жүргізілген ", - деп атап өтті сарапшылар.

Жалпы, сарапшыларға тексеру жұмыстарын жүргізуі үшін жартылай жанып кеткен шамдардан бастап сымдардың бөлшектеріне дейін тола бірнеше қап ұсынылды.

Естеріңізге сала кетейік, Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда орталығындағы өртте 64 адам қайтыс болды, оның ішінде 41 бала. Бұдан басқа ауруханаға жатқызылғандарда бар. Сонымен қатар, із түссіз жоғалып кеткендерде аз емес, алайда олардың саны туралы ақпарат әртүрлі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: