Оқушыны ұрған ақтөбелік инспектор жұмыстан шығарылды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.09.2018 18:14 ҚазАқпарат
22 қыркүйек күні спорттық киіммен жүрген оқушыны мектеп инспекторы ұрып тастаған еді.

Ақтөбеде №2 орта мектеп оқушысына қол көтерген инспектор жұмыссыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№2 орта мектеп ата-аналарының арызы бойынша ІІД Ішкі қауіпсіздік басқармасы тексеру жүргізіп, жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор С.Ермағамбетовты ішкі істер органдары қатарынан жұмыстан босату туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық ІІБ-ның Елек полиция бөлімінің басшысы қатаң тәртіптік жазаға тартылады»,- деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 22 қыркүйек күні спорттық киіммен жүрген оқушыны мектеп инспекторы ұрып тастаған еді. Кеше оқушының анасы арыз жазып, шара қолдануды сұрағанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: