Жаңалықтар тізбегі
0

Қарағандыда жасөспірімдер төбелесіп, екі бала ауруханаға жеткізілді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.10.2018 15:04 Baq.kz
Жанжал кезінде 17 жастағы жігіттің бас сүйегіне зақым келген.

Қарағандының Майқұдық шағын ауданында тал түсте төбелес болып, соңы 16 және 17 жастағы екі бозбаланың ауруханаға түсуімен аяқталған. Алдын ала мәліметтер бойынша төбелестен зардап шеккендер – колледж студенттері, деп хабарлайды Baq.kz.

10 қазан күні Майқұдықтың 15-ші ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің ауласында күндізгі сағат 14.00 шамасында жасөспірімдердің қатысумен жаппай төбелес болған. Жанжал салдарынан 16 және 17 жастағы екі бозбала зардап шеккен.

«16 жастағы жасөспірімді жедел медициналық көмек қызметкерлері пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізді. Зардап шегушінің беліне пышақ кірген. Жасөспірімге ота жасалып, ол сәтті өтті. Жасына байланысты ол балалар клиникалық ауруханасына ауыстырылды», - дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал кезінде 17 жастағы жігіттің бас сүйегіне зақым келген. Ол облыстық бас-сүйек ауруханасында жатыр. Жәбірленуші жасөспірімдер қаладағы колледждердің бірінде оқиды.

Облыстық ішкі істер департаментінде аталған оқиғаға байланысты іс қозғалғанын айтады.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 1-тармағына сай, яғни «денсаулыққа қасақана зақым келтіру» бабы бойынша іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Барлық жағдай анықталуда», - деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: