Жамбыл облысында 40 кг есірткі тәркіленді

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2018 15:34 Baq.kz
57 жастағы Тараз қаласының және 24 жастағы Шу қаласының тұрғындары ұсталды.

Жамбыл облысында «Көкнәр-2018» жедел іздестіру іс-шарасы барысында екі тұрғыннан үлкен көлемде есірткі тәркіленді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2018 жылдың 13 қазанында Меркі және Т.Рысқұлов аудандары аралық Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімдері мен Меркі АІІБ Жергілікті полиция қызметі қызметкерлерімен «Көкнәр-2018» жедел іздестіру іс-шарасы барысында Меркі ауданынан ҚР ҚК 259-бабы бойынша бұрын сотталған 57 жастағы Тараз қаласының және 24 жастағы Шу қаласының тұрғындары ұсталды.

Оқиға орнын қарау барысында екі полипропилен қабына қапталған жалпы салмағы 40 кг аса «кептірілген марихуана» есірткі заты тәркіленді.

Күдіктілер кінәсін толық мойындап, Меркі АІІБ-ның уақытша қамақта ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі таңда ҚР ҚҚ 296-бабы 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: