Анкарада жүрдек пойыз жерасты өткеліне соқтығысты
inform.kz
Көптеген адамдардың жарақат алғаны хабарланды.
Бүгін Анкара-Конья жолаушылар жүрдек пойызы Енимахалле ауданында Маршандиз стансасында жерасты жаяу өтпе жолына соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Анадолу" агенттігіне сілтеме жасап.
Соқтығысу салдарынан екі вагон рельстен шығып, аударылып, жерасты өткелінің бір бөлігі вагонның үстіне опырылып түсті. Көптеген адамдардың жарақат алғаны хабарланды.
Олар жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Апаттың мән-жайы тексеріліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript