Жаңалықтар тізбегі
0

Мәскеу орталығында өрт шығып, екі азамат қаза тапты

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2019 17:16 Pixabay
Тағы екі адам ауруханада жатыр.

Құтқарушылар Мәскеудің орталығындағы тұрғын үйде шыққан өртті сөндірді. Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігіне (ТЖМ) қарасты қалалық басқарма хабарлайды, деп жазды Baq.kz.

"1 мың шаршы метрге шарпыған өрт сөндірілді", - делінген қалалық басқарма таратқан хабарламада.

ТЖМ қарасты қалалық басқарманың басшысы Илья Денисов журналистерге өрт болған жерде мақта, газ жүйесінде газ немесе аэрозолды баллончик болғанын жорамалмен айтты.

"Өрт кезінде ғимараттан 43 адам, оның 8-і балалар сыртқа шығарылды. Қазіргі таңда зардап шеккен 4 азамат бар. Оның екеуі қаза тапты", - дейді Илья Денисов.

Осыған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі екі азаматтың қаза тапқаны туралы ақпаратты растаған.

Қайғылы оқиға Никитский бульвар 12 көшесіндегі үйде болған. Өрттен үйдің төбесі құлаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: