Алматы маңында Lada жолдан шығып кетіп ағашқа соғылды
Zakon.kz
Ер адам жеке тасымалдаушы ретінде үш жолаушыны алып бара жатқан. Салдарынан төрт адам әр түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Байсерке ауылына таяу маңда Алматы-Жетіген тас жолында автокөлік ағашқа соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәлімет бойынша, Lada Granta жүргізушісі Алматыға қарай бағыт алған. Байсерке ауылына жетпей ол созылмалы бұрылыста көлік тізгініне ие бола алмай қалады. Жеңіл көлік жол шетіне шығып кетіп, ағашпен қақтығысқан. Соққыдан автокөлікті кері айналдырып жіберген.
Ер адам клиент ретінде алған, үш жолаушыны алып бара жатқан. Нәтижесінде төрт адамның барлығы да әр түрлі дене жарақаттарымен аурухана төсегіне таңылды.
Посмотреть эту публикацию в InstagramДТП на трассе Байсерке/Жетiген, подробности уточняются... гололёд на трассе будьте осторожны!!!!
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript