Шымкенттегі түнгі клубта болған төбелеске қатысты полиция түсініктеме берді

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2019 18:09 Zakon.kz
Төбелес кезінде клуб қызметкерлерінің біреуі жарақат алғаны анықталды.

10 наурыздан 11-не қараған түні Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде төбелес болды, деп хабарлайды Zakon.kz Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.

Бейнетаспаға түсірген куәгерлердің айтуынша айқай шу және жылаған дауыстарды естіген.

"Әл-Фараби аудандық ІІБ-нің "102" телефонына қоңырау түскен. Осы қоңырау бойынша полицияның жедел-тергеу тобы сол жерге жедел жетті. Төбелес кезінде клуб қызметкерлерінің біреуі жарақат алғаны анықталды. Түркістан облысының тұрғыны қылмыс жасады деген күдікпен қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлап отыр Шымкент қалалық Полиция департаментінің өкілдері.

Оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 293-бабы (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: