Жаңалықтар тізбегі
0

Оттың ортасынан шыға алмай жанып кетті

liter.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2019 17:54 liter.kz
Көршісі қызыл жалын жалмаған үйден 7 жасар қызды аман алып шыққан.

Қарағандыда жер үйден өрт шығып, баспана қожайыны оттан шыға алмай жанып кетті. Ал үйде қалған 7 жасар қызды қызыл жалыннан көршісі алып шығып үлгерген, деп хабарлайды Zakon.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Түс ауа лап еткен от дем арада үйдің аузы-мұрнынан шыққан. Өрт сөндірушілер келгенде баспананың шатыры опырылып ішіне түсіпті. Құтарушылар тілсіз жаумен бір сағаттан аса алысқан. Өрт әбден сөндіріліп біткенде ғана үй ішінен 45 жастағы ер адамның денесі табылыпты. Мамандар апат пеш жағуда өрт қауіпсіздігінің сақтаулмауынан болуы мүмкін деп отыр. Көршілерінің айтуынша баспанада марқұммен бірге, оның қарындасы кішкентай қызымен тұрған. Бүлдіршінді көршісі құтқарып қалды.

Сайран Ілгебаев, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Кішкентай қыз үйге кіре берісте екінші қабаттағы сатыда тұр екен. Қорқып тұр астына түсуге. Астында от жанып жатты. Қызды көтеріп алып шығып үйге апарып тастап қайтып келдім. Екінші рет кіргенде ешкімді таба алмадым.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: