Алматы облысында аккумулятор ұрлаушылар құрықталды

Алексей Старков, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2019 16:02 Алексей Старков
Қарасай ауданында әрекет еткен қылмыскерлер ең кемі 40 көлікті тонаған.

Үш жігіт биылғы қаңтар мен наурыз айларының аралығында аталған аймақтың сегіз елді мекенінде әрекет етіпті, деп хабарлайды Zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап..

Бүгінде олардың 40 ұрлыққа қатысы бары дәлелденгенін Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, тергеу барысында ұрланған аккумуляторды қабылдап отырған Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан бес орын анықталыпты. Қолды болған бөлшектердің басым бөлігі табылып, тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылған.

Қазір бөтеннің мүлкіне қол салғандар тергеу изоляторына жабылып, осы тектес өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Сонымен қатар, із кесушілер ұрланған бөлшектерді сатып алып отырған қабылдау орындарының қызметкерлерін де қылмыстық жауапкершілікке тартпақ.

Осы орайда мәжіліс депутаттарының жеке тұлғалардың қабылдау орындарына түсті металл өткізуіне тыйым салуды ұсынғанын айта кетейік.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: