Атырауда полицей суға батқан қызды құтқарамын деп қаза тапты
21 наурыз сағат 21.52 шамасында операторына белгісіз адам орталық көпірден адам секіріп кеткені жөнінде хабарлады. Дереу Атырау қалалық полиция басқармасының жеке құрамына бағдар берілді. Оқиға орнына алғашблып жеткендердің бірі полиция сержанты Шалхар Ақымғалиев ойланбастан салқын суға бет қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жағалауда ролик теуіп болып демалып жүрген кезімізде суицид оқиғасына оқиғаға куә болдық. Мен дереу полицияға хабарладым. Санаулы секундтар ішінде оқиға орынан жеткен патрульдердің бірі баты бара жатқан адамға көз ілеспес жылдамдықпен жүзіп барды. Су салқын, әрі қатты ағыс қызды алып бара жатты. Сонда да полицей өмірін тәуекелге тігіп, құтқарудан бас тартпады" дейді куәгерлердің бірі Райымбек Сарбалин.
"Мен батып бара жатқан адамға жүзіп жеткенімде Шалқарбек ағысқа қарсы жүзе алмай, су түбіне батып кетті. Әйел адамды құтқару мағызды болды, ол "менің кесірімнен батып кетті" деп айқайлап, өз өзін ұстай алмай айқайлай берді." дейді орны толмас қазаға қайғырған Рүстембек Сүндетов.
Батып бара жатқан әйел осы кезде келіп жеткен ТЖД құтқару тобына берілді. Құтқарылған азаматша БҚО 1983 жылы туылған тұрғыны болып шықты. Н.М. жедел жәрдеммен обыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
Жанындағы серігін өз бетімен іздеп тапқысы келген Рүстембектің әрекеті нәтижесіз аяқталды. 3 градустан аспайтын салқын суға денесі құрысып қала берген соң жағаға жүзіп келді.
Сағат 00.50 шамасында Шалқарбек Ақымғалиевтің денесі құтқарушылармен табылып, жағаға жеткізілді.
Отбасының жалғыз асыраушысы Шалқар Ақымғалиев Көшкінбайұлы үйленбеген, 1 сәуірде 25 жасқа толатын еді.