Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық шекарашылар түрлі жүк тасыған шетелдіктерді ұстады

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2019 17:19 pxhere.com
Ұсталғандар құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Өткен тәуліктерде "Астана" шекаралық бақылау бөлімінің шекара наряды "Нұрсұлтан Назарбаев" халықаралық әуежайында, сарыағаштық шекарашылар "Қапланбек", "Жібек жолы" өткізу пункттерінде құжаттарына қазақстандық миграциялық полицияның мөрін қолдан жасап қойып алған 1 Тәжікстан азаматын және 7 Өзбекстан азаматын, сондай-ақ, Лексус RX 200 автокөлігінің қолдан жасалған тіркеу куәлігімен Өзбекстанға қарай өтпек болған 24 жастағы тәжік азаматын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған азаматтар құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Ақтөбе шекара отрядының "Жайсаң авто" бөлімшесінде 92 дана ешқандай рұқсат құжатынсыз кәдесиға арналған пышақтармен Ресейге өтпек болған 28 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Пышақтардың жалпы құны 250.000 тг деп есептелініпті.

Осы аталған бөлімшеде Ресейге 100 000 теңгенің (250 тал) шырша талдарын рұқсатсыз алып келе жатқан 31 жастағы өзбекстандық ұсталды. Сондай-ақ, осы бекеттен 41 жастағы Ресей азаматы елімізге рұқсат қағаздарынсыз "Пайызторғай" ("Шегол") текті 30 дана құс алып кірмек болыпты. Жалпы бағасы - 300 000 теңгенің құстары Мәртөк ауданы бойынша ветеринарлық маманға табысталды.

Аталған отрядтың тағы бір бөлімшесі – "Әлімбетте" 1 000 000 теңгенің шайымен (салмағы 1000 кг) Ресейге өтпек болған 1983 жылы туған қазақстандық ұсталды. Тауардың рұқсат қағазы жоқ.

Қордайлық шекарашылар елімізге заңсыз енгізілмек болған 24 литр арақтың жолын кесті.

Қостанай шекара отрядының "Қайрақ" бөлімшесінде Ресейге рұқсат қағаздарынсыз алып шықпақ болған 12 тонна пайдаланылған автокөлік қозғалтқыштары, жалпы салмағы 40,463 кг халық тұтынатын тауарлар, Петропавл шекара отрядының "Жаңажол" бөлімшесінде 14300 кг болат жаңқалары, Семей тексеріп-өткізу бекетінің "Ауыл-авто" бөлімшесінде Қазақстанға әкелініп жатқан 3000 кг зығыр дәндері шекарадан өткізілмеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: