Алматыда көп қабатты үйдің терезесінен 83 жастағы ер адам құлап кетті
Сурет: zakon.kz
Оқыс оқиғаның алдын ала себебі - суицид.
29 наурыз күні таңертеңгі уақытта Алматыда Құрманғазы көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйдің сегізінші қабатынан егде жастағы ер адам құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға таңғы сағат 8:28, Құрманғазы көшесінде орналасқан тұрғын үйде орын алған ("Орталық" ТК).
1936 жылы туған ер адам сегізінші қабаттан құлап кетіп, мерт болды. Оқыс оқиғаның алдын ала себебі - суицид.
Аталған дерекке қатысты сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Соның нәтижесінде ер адамның нақты неден қайтыс болғаны анықталатын болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript