Жаңалықтар тізбегі
0

Үш адамның өлімімен аяқталған жол апатына кінәлі жүргізуші қамауға алынды

Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2019 16:18 Алматы облысы ПД Баспасөз қызметі
Көлік апатынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханасына жеткізілген.

Алматы облысында Audi-100 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі үш адам қаза тапқан көлік апатын жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында орын алған. 25 наурыз күні Үшарал ауылының маңында Audi-100 және Toyota Camry автокөліктері соқтығысқан. Көлік апатынан үш адам қаза тауып, тағы үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен Панфилов қаласының ауруханасына жеткізілген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2019 16:18

"Алдын ала болжам бойынша көлік апаты Audi-100 автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі кінәсінен орын алған. Аталған жүргізуші де дене жарақатымен ауруханаға түсті. Кеше, күдікті ауруханадан шығарылған соң, оны қамауға алу туралы шешім қабылданды. Осы дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық тергеу жалғасуда. Іс облыстық Анықтау басқармасының өндірісінде және Департамент басшылығының қатаң бақылауына алынған",- деп хабарлайды Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, ведомство көлік оқиғасы кезінде күдіктінің мас күйде болғанын хабарлады. Автокөлік тәркіленіп, арнайы автотұраққа қойылған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2019 16:18

Полицейлер жасаған талдауға сәйкес, өңірде жыл басынан бері жол-көлік оқиғасы 36,2% артқаны байқалады. Ішімдік ішкен күйде көлік тізгіндеген 500 жүргізуші жауапкершілікке тартылған. Жүргізушілер жол беретін бұзушылықтар – жылдамдық режимін сақтамау, жолдың қарсы бағытына шығып кету және жаяу жүргіншілердің белгіленбеген жерден жолды кесіп өтуі.

"Облыста жол қауіпсіздігі бойынша әртүрлі іс-шаралар үнемі өтіп тұрады. Соған қарамастан, жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтау тәртібі әлі күнге түзелмей отыр. Тек өткен бір апта ішінде облыс жолдарында 17 көлік апаты орын алып, 12 адам қаза тапты", - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Өз кезегінде, полицейлер темір тұлпар иелерін жолда абай болуға, заң талаптарын бұзбауға және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

"Құрметті, жүргізушілер! Көлік жүргізу барысында өзіңіздің және жолаушыларыңыздың өмірі Сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыздар!",- делінген полиция хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: