Жаңа Зеландияда қырғын салған террорист психиатрларға қаралмақ
Жаңа Зеландияның соты Крайстчерч қаласындағы екі бірдей мешіттің ішінде 50 адамды өлтірген австралиялық Брентон Таррантты психиатрлық сараптамадан өткізуді бұйырды, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Жұма, 5 сәуір күні, Окленданың түрмесінде қатаң бақылауда отырған 29 жастағы Таррант видео байланыс арқылы өткен сот тыңдалымдарына қатысты.
Дегенмен бұған дейін, Таррантың өзін өзі қорғауды жоспарланғаны хабарланған еді. Отырыс алдында оны қорғауға екі адвокат – Шейн Тэйт және Джонатан Хадсон келіскен болатын.
Судьяның қаулысына сәйкес, айыпталушының психикалық денсаулығын екі тәуелсіз сарапшы тексеруі керек. Оның ісіне қатысты келесі тыңдалым 14 маусымға жоспарланып отыр.
Наурыздың ортасында Крайстчерчтің екі бірдей мешітінде (Жаңа Зеландия, Оңтүстік арал) атыс болып, нәтижесінде, полиция берген соңғы мәліметке сәйкес 50 адам қаза тауып, тағы 50 адам зардап шеккен. Жаңа Зеландия премьері Джасинда Ардерн болған оқиғаны теракт деген болатын. Бір адамға, 28 жастағы Брентон Таррантқа адам өлтірді деген айып тағылып, сот оның қамауда отыру мерзімін 5 сәуірге дейін созған.
Бұған дейін хабарланғандай, Таррант мешіттердің біріне жасалған шабуылды видеоға түсірген және әлеуметтік желілер арқылы тікелей байланыс жүргізеді. Facebook баспасөз қызметінің хабарлауынша, атыс болғаннан кейінгі 24 сағаттың ішінде Крайстчерчтегі атыс бейнеленген 1,5 миллионнан астам видеожазба жойылған. Кейінірек Facebook "ақ нәсілшілдік" идеясын мақтау мен оны қолдауға тыйым салынғанын хабарлады.