Алматыда автокөлік полиция бекетінің бағанына соғылды
видео кадры
Жүргізуші мас болмаған.
Алматыда өткен түні Toyota Carina E автокөлігінің қатысуымен ЖКО орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жол апатының салдары бейнеленген видео Желіде тарады.
- Жол-көлік оқиғасы өткен түні орын алды. Toyota Carina E автокөлігінің 1985 жылғы жүргізушісі Бұқтырма көшесімен Халықаралық әуежайға қарай кетіп бара жатып, басқаруға ие бола алмай полицияның стационарлық бекетінің бағанына соғылған. Қуанышқа орай, ЖКО салдарынан жүргізуші де, полиция қызметкерлері де жапа шеккен жоқ, - деп хабарлап отыр қалалық ПД баспасөз қызметі.
Жүргізуші мас болмаған. ЖКО себебі мен салдарын Түрксіб аудандық әкімшілік тәжірибе бөлімшесінің қызметкерлері анықтайтын болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript