Шымкентте радикал-бопсалаушылардан құралған ҰҚТ жолы кесілді

ҰҚК баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2019 20:18 ҰҚК баспасөз қызметі
Банда мүшелерін құрықтау олардың кезекті кәсіпкерден 10 мың АҚШ долларын бопсалап жатқан сәтте жүргізілген.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі Шымкентте арнайы операцияның жүргізілгенін хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

- Шымкент қаласы бойынша ҰҚКД Ұлттық гвардияның арнайы бөлімшесін жұмылдыру арқылы жергілікті кәсіпкерлерден тұрақты түрде ірі көлемде ақша бопсалап келген ҰҚТ алты мүшесін ұстады, - делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұдан бөлек, қылмыстық ұйымның мүшелері бірқатар зорлық қылмыстарын жасады деп күдектілініп отыр, оның ішінде қару қолдану арқылы да жасалғандары бар.

- ҰҚТ негізін ауыр қылмыс жасағандары үшін сотты болған, деструктивтік діни ағымды ұстанушылар құраған, - деді ведомстводағылар.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2019 20:18

Банда мүшелерін құрықтау олардың кезекті кәсіпкерге зорлық көрсетіп, оның өміріне қауіп төндіру арқылы одан 10 мың АҚШ долларын бопсалап жатқан сәтте жүргізілген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2019 20:18

- Тінту жұмыстары жүргізіліп, ҰҚТ мүшелерінің қару-жарақтары сақталған құпия орын анықталды. Бес атыс қаруы мен олардың оқ-дәрілері тәркіленді. Қазіргі таңда олардың діни сарындарға байланысты қылмыстық құқықбұзушылықтар жасаған болуы мүмкін екендігі жайлы деректер тексеріліп жатыр, - деді ҰҚК өкілдері.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: