Өскеменде 13 жастағы баланың аяғына оқ тиді

mk.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2019 21:18 mk.ru
Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Полиция сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz Алтайньюс басылымына сілтеме жасап.

– 3 сәуір күні сағат 19.00-де 35 жастағы қала тұрғыны полицияға шағымданды. Оның айтуынша, сағат 18.00 шамасында қаскүнемдер 13 жастағы ұлының аяғына оқ атқан. Жасөспірім аулада сыныптастарымен ойнап отырған. Мылтық дауысын балалар да естіген, – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Оқ сараптамаға жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: