Шекарашылар 11 млн теңгеге жуық шығынның алдын алды
Lada.kz
150 000 теңгеден астам айыппұл салынған.
Шекарашылар Каспий теңізінде теңіз шекарасының тұтастығы мен ел байлығының күзетін қатар атқаруда, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәуірдің 7-8 күндері аралығында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің "Жағалау күзеті", "Батыс" Өңірлік басқармаларына қарасты шекаралық кемелер мен катерлер, шекара нарядтары еліміздің теңіздегі шекарасын күзету барысында шекара тәртібін, аумақтық және ішкі сулар тәртібін бұзғандығы үшін 8 адамды ұстап, "Байда" типтес 2 шағын жүзу құралы, 1 резіңке қайық, 1 теплоходты тәркіледі. Теңізден 3000 м ау жинап алып, ондаған бекіре балықтар мен итбалықтарды құтқарып қалды, - делінген хабарламада.
Мемлекетке қайтарылған шығынның көлемі – 10 986 275 теңге. Сонымен қатар 150 000 теңгеден астам айыппұл салынды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript