Қытайда жүк пойызы тұрғын үй ғимаратына соғылды
pxhere.com
Апат нәтижесінде алты адам із-түссіз жоғалып кеткен.
Қытайдың орталығында орналасқан Хэнань провинциясына қарасты Гунъи қаласында жүк тасымалдайтын пойыздың шойын жолдан шығып кету нәтижесінде алты адам із-түссіз жоғалып кетті деп жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новости баслымына сілтеме жасап.
Дереккөздің ақпаратынша, оқиға 10 сәуір күні кешке орын алған. Боксит тиелген Chalco компаниясына тиесілі темір жол құрамы шойын жолдан шығып кетіп, тұрғын үй ғимаратына соғылған.
Билік жедел түрде құтқару жұмыстарын жүргізіп, апат салдарын жою шараларын ұйымдастырған. ТЖ себеп-салдары анықатыл жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript