Алматыда полицейлер ұрланған аккумуляторларды сауда үйлерінен іздеді
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
Сауда нүктелерінің бірінде саудагерден бұрын қолданылған жеті аккумулятор тәркіленді.
Алматылық тәртіп сақшылары ұрланған аккумуляторларды сауда үйлерінен іздестірді, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мүліктік қылмыстың жолын кесу мақсатынды қалалық полицияның жедел бөлімшелерінің қызметкерлері ұсталған ұялы телефондар мен автобөлшектер сатылатын бутиктерді тексеру жедел-профилактикалық шараларын әлі де жалғастыруда. Сонымен қатар тексеруге техникалық байқау бекеттері де кіреді.
- Өткен тәулік ішінде бұрын қолданыста болған автобөлшектер саудаланатын "Тұлпар" сауда үйіндегі 12 бутик және аталған сауда үйінің аумағында орналасқан сегіз техникалық байқау бекеті тексерілді. Бұдан бөлек, 31 автокөлік тексерістен өтті. Сауда нүктелерінің бірінде саудагерден бұрын қолданылған атаулары әртүрлі жеті аккумулятор тәркіленді. Олардың криминалды жолмен келген болуы да ғажап емес. Біздің бөлімшенің басқа мобильді тобымен "Мегатау" сауда үйі тексерілді. Бұл жерде ұсталған ұялы телефондарды алып-сатумен айналысатын 43 саудагер тексерілді. Олардың иелігіндегі ұсталған мобильді құрылғылар біздің базамызда тұрған ұрланған заттардың мәліметтерімен салыстырылатын болады. Практика бойынша, мұндай шаралар жақсы нәтиже беруде: заңға бағынатын саудагерлер криминалды әлемнен жеткен ұялы телефондармен байланысқылары келмейді, - деп хабарлап отыр Алматы қалалық Полиция департаментіндегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript