Иранда тасқыннан 76 адам қаза тапты
видео кадры
Төпелеп жауған жауын осыдан 3 апта бұрын басталған.
Иранда бірнеше күн жауған жауын салдарынан 76 адам ажал құшты, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Жергілікті биліктің хабарлауынша, табиғаттың тосын сыйынан ел экономикасы 2,2 миллиард доллар шығынға батты. Төпелеп жауған жауын осыдан 3 апта бұрын басталған. Салдарынан елдің 25 провинциясындағы елді мекендер топан су астында қалды. Өңірде көпірлер құлап жатыр. Мыңдаған адам баспанасынан кетуге мәжбүр. Зардап шеккен аймақтарға барынша гуманитарлық көмек көрсетілуде. Алайда көмекке мұқтаж 400 мың тұрғынға бұл жеткіліксіз болып тұр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript