Ақтөбеде әйелді қағып өлтірген полиция қызметкері қашып кетті

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2019 22:22 zakon.kz
Оны екі күннен кейін тауып алды.

Ақтөбеде әйел адамды қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен полиция қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір полициясының дерегінше, көлік апаты 15 сәуірде болған. Сағат 00.30 шамасында Рысқұлов көшесіндегі үйдің жанында белгісіз автокөліктің жүргізушісі әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған. 55 жастағы әйел алған жарақатынан көз жұмды.

Көліктің сол жерде түсіп қалған бөлшектеріне қарап, полицейлер оның маркасы мен түсін анықтады. Камераларды тексере келе автокөліктің мемлекеттік нөмірі де табылды.

Екі күннен кейін, 17 сәуірде қашып кетіп, бой тасалап жүрген жүргізуші ұсталды. Ол 41 жастағы полиция қызметкері болып шықты. Ол істеген ісін мойындады. Күдікті қамауға алынды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: