"Шереметьеводағы" ауе апатынан 41 адам қаза тапты

Әлеуметтік желіден алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2019 15:24 Әлеуметтік желіден алынды
"Аэрофлоттың" сайтында аман қалған жолаушылардың тізімдері жарияланды.

Шереметьеводағы әуе апатының нәтижесінде 40 жолаушы қаза тапты, оның біреуі экипаж мүшесі, деп хабарлайды Zakon.kz РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы РФ Көліктегі аймақ аралық тергеу комитеті басқармасының өкілі Елена Марковская хабарлады.

Бұған дейін әуе апатынан 13 адамның қаза тауып, тағы бірнешеуінің ауруханаға түскені хабарланған болатын.

"Аэрофлоттың" сайтында аман қалған жолаушылардың тізімдері жарияланды. Әуе компаниясының өкілдері мәліметтің түсуіне орай, ақпараттың жаңартылып отыратынын жеткізді.

Жексенбі күні Мәскеуден Мурманскке бағыт алған "Аэрофлоттың" Sukhoi Superjet 100 ұшағы аспанға көтерілген кейін 28 минуттан соң Шереметьево әуежайына шұғыл түрде қайта қонды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты ұшақты тек екінші ретте ғана отырғызу мүмкін болған. Қону кезінде оның тіреулері сынып кетіп, қозғалтқышы отқа оранған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: