Алматы облысының тас жолында болған ЖКО тоғыз адам ажал құшты

Марқұм болғандар Алматы, Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары екен.
12 мамыр күні таңертең "Алматы-Бішкек" тас жолының 109 шақырымында Lada және Toyota Camry автокөліктірі қатысқан жол апаты болды. Оқиға нәтижесінде 9 адам қаза тапты, оның үшеуі әйел адам, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Қаза тапқандардың кім екендіктері анықталды. Марқұм болғандар Алматы, Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары болып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, Lada-ның жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай жолдың қарсы жолағына шығып кетіп, шетелдік көлікпен бетпе-бет қақтығысқан. Қазіргі таңда ЖКО дерегіне қатысты қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК 345 бабының 4 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлап отыр Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Ведомстводағылар ЖКО қатысты тергеу жұмыстарының қатаң бақылауға алынып, өндірістің облыстық Полиция департаментінде екендігін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript