Жаңалықтар тізбегі
0

Сарыағашта өмірден түңіліп, өлмек болған жас әйел құтқарылды

ТО ПД Баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2019 20:42 ТО ПД Баспасөз қызметі
Психологиялық көмекке зәру әйел Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты.

6 мамыр күні сағат 18:50 шамасында Сарыағаш аудандық полиция бөліміне Сарыағаш теміржол вокзалындағы жаяу жүргіншілер көпірінен өзін-өзі өлтіру мақсатында жас қыз секірмек болып тұрғаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, яғни шұғыл-тергеу тобының жедел уәкілі полиция лейтенанты Рүстем Райымбеков, тергеуші полиция лейтенанты Аман Нұрқанат, криминалист полиция лейтенанты Хасан Әбілдер тез арада барды.

Жедел жеткен полицейлер көпірдің жақтауы арқылы секірмекші болған әйелді байқап қалды. Және шұғыл шараларды дер кезінде қабылдады. Өзін-өзі өлтірмекші болған әйелді әңгімеге тартып, қауіпсіз қашықтыққа алып барды. Бұл медициналық және психологиялық көмекке зәру Сарыағаш қаласының тұрғыны болып шықты, оны содан кейін туыстарына тапсырды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің "Өзін-өзі өлтіруге жеткізу" 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Қазіре оқиғаның себептері анықталуда.

Өз кезегінде, Сарыағаш АПБ-нің басшылары полиция аға лейтенанты Рүстем Райымбековке, полиция лейтенанты Аман Нұрқанатқа мен Хасан Әбілдерге және басқа да полиция қызметкерлеріне жедел шара қолданғаендығы үшін және кәсіби шеберліктеріне әйелді суицидтен құтқарғандары үшін алғыс білдірді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2019 20:42

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: