Жаңалықтар тізбегі
0

Балабақша терезесінен құлаған бүлдіршін комада жатыр

IpNews, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.05.2019 19:12 IpNews
Әрі қарай не болатыны белгісіз. Жағдайы бірқалыпты ұсталып отыр.

Небәрі 2-дегі қыз екінші қабаттан бетонның үстіне құлап түскен. Ал ашық тұрған терезенің жақтауына оны тәрбиешісі шығарыпты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қос кішкентай қызды сонда тұрғызып қойған әйел біреуін құлатып алған. Зардап шеккен баланың миына қан құйылып, ес-түссіз ауруханада жатыр.

Балабақшадағы сұмдық жайт таспаға түсіп қалған. Кадрде көрініп тұрғандай, тәрбиеші екі бірдей бүлдіршінді ашық тұрған терезенің жақтауына тұрғызып қойған. Сөйтіп, біреуін жазалап тұрғанда, екіншісі жұқа тордан жерге құлап түседі. Екінші қабаттан құлдилаған сәбидің миына қан құйылып, ес-түссіз күйде ауруханада жатыр.

Марат Досқалиев, Алматы облыстық көпсалалы балалар ауруханасы бас дәрігері:

- Әрі қарай не болатыны белгісіз. Жағдайын бірқалыпты ұстап отырмыз.

Дәрігерлер сәбидің сау сүйегі қалмағанын айтады. Ажал аузында жатқан баланың анасы дел-сал күйде, өзін қоярға жер таппай жүр. Ал бала міне мына бетонға сұлап түскен. Мұнда тағы темір жабындылар да жатыр. Ал оқиға «Қарлығаш» мемлекеттік бақшасында болған. Мекеме мектептің ішінде орналасқан. Әдетте терезесін жаппайтын тәрбиешілер бұл жолы есігіне дейін құлыптап, ашпай қойды. Ал қызды терезеден құлатып алған Гүлмира есімді тәрбиеші екен. Оны жақсы танитын ұстаздар әйелге шаң жуытпай отыр.

Ләйлә Берікболқызы, №19 орта мектеп директорының орынбасары:

- Ол кісі 50 жаста өзі. Жиырма жылдан артық ең өтілі бар. Бұндай оқиға ол кісіде болған емес. Өзі ылғи да кіші топпен жұмыс жасаған тәрбиеші.

Десе де, балаларды терезеге шығарған тәжірибелі тәрбиеші жауапкершіліктен құтыла алмайды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Серік Үпиев, Алматы облысы полиция департаментінің ресми өкілі:

- Тергеудің жан-жақтылығы және толыққандылығы қамтамасыз етілетін болады. Қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының қатаң бақылауына алынды.

Екінші қабаттан құлаған қыздың әкесі де, анасы да осы мектепте мұғалім екенін айта кетейік. Ал екі жасар қыздың комаға түскеніне қарамастан тәрбиеші жұмыстан шығарылмаған. Әріптестерінің айтуынша, әдеттегідей жұмысын жалғастырған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: