ҚР ҰҚК қызметкерлері екі облыстың кеденшілерінен ірі көлемде ақша тәркіледі

YouTube, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.05.2019 21:35 YouTube
Алматы және Түркістан облыстарының 20 астам кеден қызметкері пара алды деген күдікке ілікті.

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті кеден бекеттерінің қызметкерлерін тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті "Нұр Жол", "Қалжат" (Алматы облысы) және "Б. Қонысбаев атындағы" (Түркістан облысы) кеден бекеттерінің кедендік, фитосанитарлық, ветеринарлық және көліктік бақылау қызметкерлеріне қатысты тергеуге дейінгі істі қарауда.

20-дан аса қызметкер ҚХР-дан Өзбекстан Республикасына тауарды кедергісіз тасымалдауды ұйымдастыру үшін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан бопсалау арқылы пара алған деп күдіктелуде.

Жүргізілген тінтулер барысында қылмыстық жолмен алынған ірі мөлшерде шетелдік және ұлттық валютадағы ақшалай қаражат сомасы алынды.

Қазіргі уақытта 3 күдікті сот санкциясымен қамауға алынды, қалған іс фигуранттарына қатысты кінәсін толық мойындауына байланысты, бас бостандығынан айырмайтын бұлтартпау шаралары таңдалды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: