Қарағандыда полиция қызметкері суға батып бара жатқан адамды құтқарып қалды
Коллаж Zakon.kz
Түс мезгілінде бауырымен бірге жеке көлігімен кетіп бара жатқан полицей суға малтыққан адамды байқап қалған.
Полиция майоры Дастан Азанбаев Қарағандыдағы Федоров су қоймасында батып бара жатқан ер адамды ажал аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түс мезгілінде бауырымен бірге жеке көлігімен кетіп бара жатқан полицей суға малтыққан адамды байқап қалған.
Бауыры болған оқиғаны видеоға түсірген, ал майор суға батқан адамға көмекке асығыпты.
- Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамға медициналық көмек көрсеткен. Сіңірлері тартылып қалғандықтан, ол ауруханаға жатқызылды, - делінген Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ер адам өзінің жағада балық аулағанын және суға шомылып алмақшы болғанын айтты. Бірақ суға түсу кезінде оның аяқтары құрсып қалған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript