Нұр-Сұлтандағы жұмысшылардың қазасы. "Астана Су Арнасының" басшылары ұсталды
Сурет: zakon.kz
Тергеу жүріп жатыр.
13 маусым күні жұмысшылардың қаза табуына байланысты "Астана Су Арнасы" МШК екі басшысы ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға 23 мамыр күні сағат 16:00 "Астана Су Арнасы" МШК насосты стансасының кәріз резервуарында демонтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде орын алған болатын. Төрт жұмысшы қайтыс болып, біреуі медициналық мекемеге жатқызылды.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментімен сол күні-ақ екі немесе одан да көп адамның қаза табуына әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы бойынша сот алды тергеу басталды.
- Тергеу барысында бірқатар қажетті сараптамалар мен арнайы тексерулер жүргізіліп, оқиға куәгерлерінен сұрау алынды. Жүргізілген тергеу шараларының нәтижесінде "Астана Су Арнасы" МШК лауазымды тұлғаларының кінәлары анықталды. 13 маусым күні аталған дерек бойынша "Астана Су Арнасының" екі басшысы тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр, - деді қалалық ПД бастығының орынбасары Ғазиз Нұрқаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript