Ерлі-зайыпты таксистер клиент әйелін өлтіріп, тонап кетті
pixabay.com
Әйелдің денесі Алматы түбіндегі Іле ауданының аумағында табылды.
Алматы облысында полицейлер Батура Гадированың із-түссіз жоғалып кетуіне қатысы бар деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматыдағы сұлулық салондарының бірінде жұмыс істейтін Батура Мамедова (Гадирова) 27 мамырда Іле ауданындағы Ащыбұлақ ауылындағы үйіне қайтып келе жатқан жолда жоғалып кеткен. Туыстары полицияға арыз жазды.
Әйелдің сол күнгі бағытын тексерген полицейлер оның жоғалуына қатысы бар деген күдікпен ерлі-зайыпты жұпты ұстады.
– Әйел тоналуы мүмкін деген тұспал жасалды. Жоғалған әйелді өлтіруге қатысы бар деген дәлелді күдікпен екі адам ұсталғаннан кейін бұл тұспал расталды. Қазір ол екеуі қамауға алынған, – деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктілер әйелдің денесін қайда көмгенін көрсетті.
Күдіктілердің екеуі де 27 жаста, азаматтық некеде тұрады. Жұп көлікті жалға алып, сонымен адам тасумен айналысқан.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript