Жаңалықтар тізбегі
0

Текеліде балконда марихуанасы жайқалып өсіп тұрған "ботаник" ұсталды

pxhere.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2019 22:44 pxhere.com
Ұсталған азаматтың үйінен жалпы саны 100 түп заңсыз шөп тәркіленді.

Текелі қаласының полицейлері өз пәтерінде құрамында есірткі бар өсімдік өсірумен айналысқан 40 жастағы азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек өңірде жүріп жатқан "Допинг" жедел алдын алу іс-шарасы аясында анықталды. Күдікті бұған дейін ұрлық жасағаны және есіркінің заңсыз айналымына қатысы болғаны үшін бірнеше мәрте қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

"Күдікті азамат жанұясымен бірге көпқабатты үйдің үшінші қабатында тұрады. Оның пәтеріне санкцияланған тексеру жүргізу барысында балконнан өсіруге және баптауға тыйым салынған марихуананың заңсыз өсінділері табылды. Есірткі тектес өсімдіктерді өсіруге қарапайым гүл өсіретін ыдыстар пайдаланылған. Ұсталған азаматтың үйінен жалпы саны 100 түп заңсыз өскін тәркіленді", – деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Тыйым салынған өсімдікті баптап өсіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу кезінде күдікті мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен үйіне жіберілді.

"Биыл облыстық тәртіп сақшылары есірткі заттарының заңсыз айналымынан 400 килограмға жуық әртүрлі есірткіні тәркіледі. Олардың ішінде марихуана, гашиш және героин бар", – деп толықтырды полицейлер.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: