Алматы облысында бақшасында "шөп өсірген" тағы екі адам ұсталды
sarbc.ru
Жыл басынан бері облыс аумағында құрамында есірткі заттары бар өсімдік өсірудің 8 дерегі анықталған.
Соңғы бір тәулік ішінде Алматы облысында есірткі тектес өсімдікті баптаудың екі дерегі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алғашқы дерек облыс орталығына жақын орналасқан Көксу ауданында тіркелді. Тәртіп сақшылары жедел ақпарат негізінде жергілікті тұрғынның үйінен жалпы салмағы 9 кг жуық болатын 50 түп марихуананы тәркіледі.
"Марихуана күдіктінің бақшасында өсірілген. Сонымен қатар, полицейлер моншасынан пайдалануға дайын, кептірілген марихуана тапты. Осыған ұқсас жағдай Талғар ауданында да тіркелді. 40 жастағы қала тұрғынының тыйым салынған өсімдікті баптап өсіргені әшкере болды. Екі дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
Жыл басынан бері облыс аумағында құрамында есірткі заттары бар өсімдік өсірудің 8 дерегі анықталған. Өз кезегінде, тәртіп сақшылары тыйым салынған өсімдіктерді өсіру, баптау үшін қылмыстық жауапкершілік көзделетінін хабарлайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript