Жаңалықтар тізбегі
0

"Түнде істедім...". Жоғалды деген бір жасар сәбиді анасы өлтіргенін мойындады

Ресейдің Башқұртстан Республикасы бойынша ТК БҚ, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.09.2019 17:00 Ресейдің Башқұртстан Республикасы бойынша ТК БҚ
Тергеу кезінде 28 жастағы күдікті ана баласының денесін қайда көмгенін айтты.

Ресейге қарасты Башқұртстанның Исмаилово ауылында бір жасар Тимур деген бала жоғалып, бірнеше күннен кейін оның өлі денесі табылды. Сәбиді анасы өлтіргенін мойындады. Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, күдікті әйел қазір қамауға алынған, деп хабарлайды Zakon.kz Life-ке сілтеме жасап.

"2019 жылдың 29 тамызына қараған түні күдікті өзінің бір жасар баласын қылқындырып өлтіріп, содан кейін үйінен аулақтау жерді қазып, баланы көмген", - деп хабарлады Башқұртстанның тергеу комитетіндегілер.

Жауап алу кезінде 28 жастағы әйел бұл істі мойындап, нәресте денесін қай жерге көмгенін көрсеткен.

Айта кетсек, екі күн бойы ауыл тұрғындары жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Тимур деген баланы іздеген. Анасы сәбиді түнде бесікке бөлегенін, таңертең тұрғанда ол жоқ болғанын айтқан. Кеше таңертең бір жасар Тимурдың өлі денесі табылды.

Оқи отырыңыз: Қолы сынып, басы жарылды: Сиви Махмуди жол апатына ұшырады

Тағы да: Қазақтың бір баласы 50 мың теңге парамен ұсталды

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: