"Селденқорғау Құрылыс" РМК директоры пара алды деген күдікпен ұсталды

Ол республикалық маңыздағы автомобиль жолы учаскесі бойынша қызмет көрсету туралы келісімге қол қою үшін компания басшысынан 5 миллион теңге көлемінде пара сұраған деп күдіктелуде.
ҚР ІІМ ТЖК-ға қарасты "Селденқорғау Құрылыс" РМК директоры пара беруге итермеледі деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыдағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ ТЖК-ға қарасты «Селденқорғау құрылыс» РМК директорына қатысты пара алу әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ол республикалық маңыздағы автомобиль жолы учаскесі бойынша қызмет көрсету туралы келісімге қол қою үшін компания басшысынан 5 миллион теңге көлемінде пара сұраған деп күдіктелуде.
Күдікті Алматы полиция департаментінің уақытша ұстау изольяторына тоғытылды. Оған қатысты соңғы үкім сотта шығарылады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript