Жаңалықтар тізбегі
0

14 еркек жабылып зорлаған қыздың ісіне қатысты полиция түсініктеме берді

Inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2019 21:54 Inbusiness.kz
Арқалық қаласында орын алған бұл зорлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс 9 томнан тұрады.

Адвокат Айман Омарова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қостанай облысының Арқалық ауданының ауылында 14 еркек жабылып зорлаған қыздың ісін жеке бақылауға алуын өтінген еді. Осы іске қатысты Қостанай облысы бойынша тергеу басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Қанағат Шауенов түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Арқалық қаласында орын алған бұл зорлық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс 9 томнан тұрады.

Осы қылмыстық істі тергеген Қанағат Шауенов бұл іс 2018 жылдың 19 сәуірінде Арқалық қаласының полиция бөлімінде тіркелгенін айтты. Аталған факті бойынша төрт қылмыстық іс қозғалған: үшеуі зорлық-зомбылық бойынша, тағы бірі кісі ұрлау фактісі бойынша.

- Тергеу кезінде бірқатар тергеу амалдары жүргізілген, соның ішінде баланың әкесін анықтау мақсатында барлық күдіктілер соттық-генетикалық сараптамадан өткен. Сараптама нәтижесі күдікке алынған барлық адамның балаға қатыстылығын жоққа шығарды. Ал зорлық-зомбылық туралы шағым өзі қылмыс болғаннан кейін бір жылдан соң, онда да фельдшер қыздың жүктілігін анықтағанда тіркелген, - дейді полиция департаментіндегілер.

Сондай-ақ тергеушінің айтуынша, күдіктілердің бәрі жауапқа алынып, задап шегушімен көзбе-көз кездестіріліп, сұрақ-жауап алынған. Олардың барлығы қылмыс жасалды деген уақытта басқа нәрсемен шұғылданғандарын нақтылайтын дәлел келтірген.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі тоқтату шешімі қаншалықты заңды екенін анықтау үшін бұл іс материалдары облыстық прокуратураға жіберілген.

Қылмыстық істе тіркелген деректер бойынша, күдіктілерді ары қарай ұстауға заңды негіз болмаған.

Арқалық қаласындағы қызды жабылып зорлау жөніндегі қылмыстық іс 9 томнан тұрады.

Оқи отырыңыз: Бір қызды 14 еркек жабылып зорлаған: адвокат Президенттен көмек сұрады

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: